12
13
14

Жауалықтар мұрағаты

Жаңалықтар -2017

 

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше16
Апта59
Ай227
Барлық күндері4300

Жаңалықтар

Сәбинұрдағы робототехника кабинеті

Алтынсарин ауданында мемлекетіміздің маңызды екі «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларының жүзеге асуының маңыздылығын көрсететін шара «Сәбинұр» бөбекжай-бақшасында  көптен күтілген, маңызды - робототехника кабинетінің  ашылуы өтті.

Бұл маңызды жоба - Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткізілді.  Тұңғыш президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өткен еді. Сонымен қатар, 2008 жылы ауданымызда Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында  алғашқы болып, «Сәбинұр» бөбекжай-бақшасы ашылған екен.

Аудан әкімі Ерлан Айтқұлұлының құттықтау сөзімен «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласындағы заманауи даму үшін  тарихтың маңызы туралы айтып өтіп,  бақшаның мерейтойына сыйлаған ойыншықтарына,

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман

– деп бөбекжай-бақшаның тәрбиеленушісі Сырбай Аяла «Ағатайым-ай» әнімен  жалғастырды. «Бала - тілі бал» демекші былдырлаған бақшаның балалары Тұңғыш Президентіміз - Нұрсұлан Әбішұлына арналған тақпақтарын айтып сүйсіндірді. Аудан маслихатының депутаты Зверева Ксения Сергеевна жобаның іске асуына көмек жасаған «Жалғас»ЖК басшысы Ахметов К.М., «Агрокомтрейд» ЖШС Санакулов Т.С., «Стратинский» ЖК Стратинский С.И, «OLZHA-агро» басшысы , «SVM-18» ЖШС - Шалыгин В.М. сияқты азаматтарға алғысын білдіріп, бөбекжай-бақшаның ашылуын әкімнің орынбасары ретінде басқарғандығын айтып өтіп, бақшаның ұжымына мол табыстар тіледі. Ақ тілек бөбекжай-бақшаның  тәрбиешілерінің әнімен, алғашқы түлектерімен бүлдіршін тәрбиеленушілерінің «Домбыра» биімен жалғасты.

Робототехника кабинетінің қызыл таспасы кесіліп, шашу да шашылды. Тәрбиеленушілер Қазақстан елінің дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға - Тұңғыш Президентімізге, жеке кәсіпкерлерге  алғыстарын білдіріп, заманауи дағдыларды қалыптастыратын құрастырудың қыр-сырын айтты.

Аудандық білім бөлімі,  бөбекжай-бақшаның ұжымына, меңгеруші Кабиева Гүлжанат Жолдыбайқызына таңдаған жолдан таймай, жеткен жетістіктерде тоқтамай, толағай табыстар тілейді.

 

WhatsApp Image 2018 11 30 at 17.12.37

 

WhatsApp Image 2018 11 30 at 17.13.23

 

WhatsApp Image 2018 11 30 at 17.13.24

 

WhatsApp Image 2018 11 30 at 17.13.25

 

 

Мемлекеттік рәміздері

 

Президентінің Жолдауы

 

Рухани жаңғыру

 

Цифрлық Қазақстан

 

Kundelik.kz

 

Құрмет тақтасы

 

Сайтқа кіру

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31