nauryz ru

 

Жауалықтар мұрағаты

Жаңалықтар -2017

 

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін9
Кеше16
Апта127
Ай476
Барлық күндері6331

Жаңалықтар

Адалдық алаңы

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі»- деген болатын.Олай болса , рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық қасиеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектепте қалыптастыру баршаның міндеті. Осыған орай, Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде тәуелсіздік күні қарсаңында «Адалдық алаңының» ашылуы болып өтті. Іс шараға білім бөлімінің басшысы-Мамаева А.С.,тілдерді оқыту орталығының директоры – Әбенов О.С., аудандық ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнің меңгерушісі –Тұрымжанова Ә.Ш. қатысты.

 

20181213 104612 min

 

Адалдық алаңында оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауардың ақшасын арнайы жәшікке қалдырады. Бұл жерде ешкім сатып алушыларды бақыламайды және тауардың ақшасын төлемей алып кетуіне кедергі жасамайды. Барлығы сенім мен адалдыққа, оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігіне бағытталған.

 

20181213 103832 min

 

Бұл тәжірибе әлемнің кейбір мемлекеттерінде жүзеге асуда. Бұндай жоба- болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі тиімді шарттардың бірі екендігі анық. Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөлген. Мұндай дүкендерді енгізу оқушылардың жақсы қасиеттерін дамытып, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге мол мүмкіндік берері сөзсіз.

                                                                                                                                   Арайлым Ахметжанова Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі

 

Мемлекеттік рәміздері

 

Президентінің Жолдауы

 

Рухани жаңғыру

 

Цифрлық Қазақстан

 

Kundelik.kz

 

Құрмет тақтасы

 

 

гос с кодом

Сайтқа кіру

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31