13
14
15

Жауалықтар мұрағаты

Жаңалықтар -2017

 

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін13
Кеше27
Апта172
Ай513
Барлық күндері9484

Жаңалықтар

Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жерім!

 

    Жаңа жылдық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық шыршаны өткізу дәстүрге айналды.              Осы жыл да ерекше болды. Жаңа жылдық қойылым тақырыбы «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!»Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру:  табыс пен өмір сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған.

 

24 желтоқсандағы "Қостанай" спорттық-ойын-сауық кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық шырша өз оттарын жарқыратты онда бүкіл Қостанай облысынан 200 бала жиналды. Біздің ауданнан жаңа жылдық қойылымға 6 тамаша бала қатысты – Исабеков Диас, О. Шипин атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы, Сероштан Анна, Краснокордон орта мектебінің 8 сынып оқушысы, Алтаева Самира, Дмитровка орта мектебінің 4 сынып оқушысы, Кенжегарин Ернар, Щербаков орта мектебінің 4 сынып оқушысы, Сарыкова Зарина, Свердлов орта мектебінің 7 сынып оқушысы және Рахметов Алишер, Больше-Чураков орта мектебінің 2 сынып оқушысы.

 

  WhatsApp Image 2018 12 24 at 10.45.43

 

Балаларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау бейне хабарламасы көрсетілді. Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов барлық балаларды өз атынан құттықтады.

Балалар үшін "Карнавал" би ансамблінің, фокусниктердің, гимнасттардың және әншілердің қатысуымен нөмірлер дайындалды. Балалар көптеген әсер алды және таңқаларлық әсерде болды.

Шара соңында балаларға көптен күткен сыйлықтар – планшеттер, қатты дискілер, тәттілер мен кітаптар сыйға тартылды.

"Қостанай" спорттық-ойын-сауық кешенінде мерекенің салтанатты бөлімі аяқталғаннан кейін барлық балалар "Поместье" мейрамханасына, мерекелік түскі асқа аттанды. Барлығы бақытты, сыйлықпен үйлеріне оралды, ең бастысы, жаңа жылдық көңіл-күйде болды.

Кезекті рет Алтынсарин ауданы әкімі Жаманов Ерлан Айтқұлұлының атынан жаңа жылдық шырша өз оттарын жарқыратты. Осы жылы жаңа жылдық ғажайыптар әлемінде әдеттегідей 50 баладан сәл көп болды. Балаларды Қостанай облыстық орыс драма театрының кәсіби әртістері сыйлаған "Жаңа жылдық приключение" таңғажайып ертегісін тамашалады. Театрландырылған қойылым аяқталғаннан кейін көңілді кеш аяқталмады. Жаңа жылдық бағдарламаны Алтынсарин аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері жалғастырды. Сайыс, әндер, сыйлықтар ұтысы, жаңа жылдық флешмоб және суық субұрқақ балаларды қуантты.

Аудан әкімі Ерлан Айткұлұлы Жаманов құттықтау сөз сөйледі. Ол балаларға оқуда табыс және жаңа жетістіктер тіледі. Салтанатты бөлімнен кейін балаларға арналған фуршет ұйымдастырылды. Ең соңында аудан әкімінің атынан балаларға сыйлықтар, смарт сағаттар және тәтті сыйлықтар табыс етілді, осыны олар тағатсыздана күтті.

Алтынсарин ауданы әкімінің шыршасына және Президент шыршасына барған барлық балалардың атынан біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовке, Алтынсарин ауданының әкімі Ерлан Айткұлұлы Жамановқа шынайы алғысымды айтамын, және көптеген жылдар бойы балаларды бақытты болуына, ғажайыпқа сенуді жалғастыруға атсалысқан барлық адамдарға алғысымды білдіремін.

 

М. А. Ильгова."Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" ММ балалар құқығын қорғау жөніндегі бас маманның м.а.

 

Мемлекеттік рәміздері

 

Президентінің Жолдауы

 

Рухани жаңғыру

 

Цифрлық Қазақстан

 

Kundelik.kz

 

Құрмет тақтасы

 

 

гос с кодом

Сайтқа кіру

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31