13
14
15

Жауалықтар мұрағаты

Жаңалықтар -2017

 

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін22
Кеше10
Апта104
Ай475
Барлық күндері7785

Жаңалықтар

«Мамандық - менің болашағымның таңдауы»

 

Мамандық таңдау - өте жауапты іс. Мамандықты таңдай отырып, адам жұмыс уақытында айналысатындарды таңдап қана қоймай, өмір салтын, оның барлық тәртібін таңдайды.

Жоғары сынып оқушыларына кәсіби өзін–өзі анықтауға көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың 5 наурызында аудандық Мәдениет үйінің залында Алтынсарин ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандық - менің болашағымның таңдауы» атты кәсіптік бағдар беру форумы өтті. Осы іс-шараға білім беру бөлімінің әдіскерлері, мамандары, аудан педагогтары, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша төмендегі оқу орындары қатысты: Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік- техникалық университеті, Рудный музыкалық колледжі, Қостанай педагогикалық колледжі, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай ауылшаруашылық колледжі, Қостанай гуманитарлық колледжі, Қостанай кәсіптік-техникалық колледжі.

 

WhatsApp Image 2019 03 05 at 18.24.12 2

 

         Форум қатысушыларына құттықтау сөзбен аудан әкімінің орынбасары Р.Р.Садықов мырза сөз сөйледі.

Мамандықты таңдау жолында жасөспірімдер мен ата-аналар оқу орнын бітіргеннен кейін таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігін жиі елемейді.

Оқу орындарын бітіргеннен кейін қажетті мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу перспективалары мен шарттары туралы жоғары оқу орындарының өкілдері айтып берді.

 

WhatsApp Image 2019 03 05 at 18.24.12

 

Презентациялар барысында келісім-шарт жасау мәселелерінде тоқтады, оқу орындарынан келген өкілдер жоғары сынып оқушылары мен педагогтарға Қостанай оқу орындарына мақсатты (гранттық) оқуға түсу талаптарымен, әрі қарай жұмысқа орналасу, жеңілдіктерімен таныстырды.

Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің өкілдері 11-16 наурыз аралығында Ашық есік күнін өткізу туралы жария етті.

 

WhatsApp Image 2019 03 05 at 18.24.02

 

Іс – шара соңында жоғары сынып оқушыларының әр бағыт өкілдерімен қарым-қатынас жасауға, сұрақтар қоюға мүмкіндіктері болды, мүмкін дәл осы күні біреу өзінің болашақ мамандығын анықтаған болар!

 

Мемлекеттік рәміздері

 

Президентінің Жолдауы

 

Рухани жаңғыру

 

Цифрлық Қазақстан

 

Kundelik.kz

 

Құрмет тақтасы

 

 

гос с кодом

Сайтқа кіру

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31