13
14
15

Жауалықтар мұрағаты

Жаңалықтар -2017

 

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін35
Кеше32
Апта108
Ай648
Барлық күндері7186

Жаңалықтар

Жеңіске жету әдеті балалық шақтан қалыптасады

 

Елорданы қайта атау бастамасын қолдау мақсатында Алтынсарин ауданының білім беру саласының қызметкерлері арасында спартакиада өткізілді. Ұйымдастырушылар «Алтынсарин ауданының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» ҚБ және «Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ. Спартакиаданың мақсаты - дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды дәріптеу және білім беру саласы қызметкерлерінің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін арттыру және белсенді демалысты ұйымдастыру, сондай-ақ ауданның білім беру ұйымдары қызметкерлерінің арасында достық байланысты орнату.

 

uchastniki

 

Жеңіске жету әдеті балалық шақта қаланып, және онда білім беру саласы қызметкерлерінің еңбегі зор. Білім беру саласының қызметкерлері «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның дамуына, әрине, білім және спорт саласына зор және баға жетпес үлес қосты.Оның ел басшылығында қазақстандық спортшылар ең беделді халықаралық форумдарда жеңіске жетті, және олар өз жеңістерін Тәуелсіз Қазақстанға және тікелей Нұрсұлтан Әбішұлына арнады. Сонымен қатар, Елбасы өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсетуге әрқашан үлкен көңіл бөлді».

 

волейбол

 

Спартакиадаға 14 мектеп пен «Сәбинұр» бөбекжай-балабақшасы қатысты. Жарыс үш топта өтіп, финалда үздік командалар кездесті. Спартакиада қатысушылары волейболдан бастады, шахмат, үстел теннисі, армрестлинг және арқан тартыс ойындарына қатысты. Ойынды дартс аяқтады, онда мектеп директорлары кәсіподақ көшбасшыларымен жарысты. Іс-шара достық жағдайда өтті, ұжымдар осындай іс-шараны дәстүрлі түрде өткізу тілегімен спартакиада ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

 

шахматистки

 

 

Жалпы командалық есепте 1 орынды М.Хакімжан атындағы Щербаков ОМ иеленді. (мектеп директоры, М.А. Самидосова),2 орын – Свердлов ОМ (мектеп директоры, К.Т. Қалиева) және 3 орын - Силантьев ОМ (мектеп директоры, С.А. Тарасова). Спартакиада жеңімпаздары кубоктармен, дипломдармен және естелік медальдармен марапатталды.

 

organis

 

Алтынсарин ауданының білім беру саласы елордаға жаңа атауымен барлық жақсылықты, табыс пен гүлденуді тілейді!

 

 

Азат Алтын, «Алтынсарин ауданының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» ҚБ төрайымы, Алтынсарин ауданы, Қостанай облысы.

 

Мемлекеттік рәміздері

 

Президентінің Жолдауы

 

Рухани жаңғыру

 

Цифрлық Қазақстан

 

Kundelik.kz

 

Құрмет тақтасы

 

 

гос с кодом

Сайтқа кіру

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30